15 наурызда Л.Н.Толстой ат. кітапхананың
Америка бұрышында 32 педагогтың қатысуымен Қостанай ауданының ағылшын тілі
мұғалімдеріне арналған жыл сайынғы “Interactive
English as mean sofsustaining communicative ecompetence” оқытушылық семинары өткізілді.
Семинарды Елена Божко (америкалық ТЕА-2010
бағдарламасының түлегі, Аудандық ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының
көсемі), сондай-ақ оның жас әріптестері – Заречный мектеп-лицейі мен Затобол
мектеп-гимназиясының мұғалімдері Елена Магомедова,
Екатерина Хорошилова және ЕкатеринаАдамович жүргізді.
Семинардың бағдарламасына екі тақырып:
«Блогтардың көмегімен мәдениетаралық байланысты жақсарту» және «Әннің көмегімен
ағылшын тілін қалай жақсартуға болады» енгізілді. 2013 жылы Елена Божко мен АҚШ
Мэн штатының Оберн (Auburn)
қаласындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Эрин Таунс аталған мектептің
оқушылары үшін блог жасады, осы блогта балалар өз елдерінің ұлттық мерекелері
туралы, салты мен дәстүрі туралы, өздерінің мектептегі және күнделікті өмірлері
туралы ақпарат алмасып, қоршаған орта мен қоғам өміріндегі мәселелерді сөз
етеді.
Екатерина Хорошилова мен Екатерина
Адамович музыкалық сүйемелдеулер мен қазіргі кездегі
әндерді пайдалана отырып тренинг өткізді. Кездесу соңында Америка бұрышының
үйлестірушісі наурыздың басында Венада үйлестірушілер үшін өткізілген семинарда
танысқан тренингтерінің бірімен бөлісті. Халықаралық кітаптар бөлімінің
меңгерушісі инновациялық технологиялар бойынша түсіп жатқан әдістемелік
әдебиеттерге шолу жасады. Семинар соңында жүргізушілер ҚР АҚШ елшілігінің
бағалы сыйлықтарына ие болды. Қатысушылардың әрқайсысына Forum журналының 2 данасы сыйлыққа тартылды. |