Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жыр Сұлтаны»
02.05.2017

27 сәуірде Әмбебап оқу залы биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпы оқу үшін таңдап алынған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Жыр Сұлтаны» әдеби кешін өткізді.

Кездесудің мақсаты – кітап оқуды насихаттау бағдарламаларын дамыту, рухани мұраны сақтау, кітап оқуға деген қажеттілікті қалыптастыру. Кештің қонақтары болған доцент, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Исенов Өтеген Ихсанұлы мен Қостанай гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Ахметбекова Асылтас Жақсылыққызы демократ ақынның тауқыметке толы тағдыры туралы айтып беріп, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстырып өтті. 

Әдеби кешке шақырылған ҚМПИ, ҚГК студенттері С.Торайғыровтың өлеңдерін оқыды.  Шараға қатысқандардың назарына бейнеролик ұсынылып, 30 түрлі кітап пен журналдар қойылған кітап көрмесі безендірілді. Шара таныстырылымдармен толықтырылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus