Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Баспасөз хабарламасы
18.05.2017

2017 жылдың 23 мамырында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Пайдаланушыны кітапханаға тартудың заманауи әдістері» атты облыстық семинар өткізеді.

Мемлекеттік кітапханалардың қазіргі кездегі жұмысы пайдаланушыларды тартуға, ұсынылатын ақпараттық өнімдер мен қызметтердің репертуарын кеңейтуге, жұмыстың дәстүрлі түрлері мен әдістерін жетілдіруге мүкіндік беретін, олардың ақпараттық қажеттіліктері мен білгісі келетін дүниелерін толық қанағаттандыруға көмектесетін даму стратегиясын жасауға бағытталған.

Пайдаланушылар тарту – кітапханалардың өмірге бейімделе білуі, жемісті жұмыс істеуі және тұрақты дамуы үшін маңызды фактор, сондықтан да Қостанай облысы мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қызметкерлерінің кезекті семинары осы бір өзекті тақырыпқа арналған.  

Семинар барысында төмендегідей тақырыптар талқыланатын болады: Интернет-ресурстар мен БАҚ оқырмандар тарту үшін пайдалану, маркетингтің баламалы әдістері (партизандық тәсіл), Құқықтық ақпарат орталығының жұмысы, кітапхананың достарын көбейту.

Өздерінің ақпараттық ресурстары мен қызметтеріне көпшіліктің назарын аудару мақсатында облыс кітапханалары жыл сайын көп көлемде баспа өнімдерін: библиографиялық көрсеткіштер, жолсілтемелер, бүктемелер және т. б.  шығарады. Сол себепті де семинардың екінші бөлімі библиографиялық өнімдер шығару мәселелеріне, оның түрлері мен нысандарына арналған. Семинарға қатысушылардың назарына «Кітап оқуды, кітапты және кітапхананы насихаттаудың инновациялық әдістері» кітап көрмесі ұсынылатын болады.  

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.

Семинарды өткізу орны: Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК конференция залы.

Басталуы сағат 11.00.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus