Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ер істі, әйел жанды, асыл адам» атты шығармашылық кеш
25.05.2017

22 мамырда Қостанай облыстық шығармашылық орталығы мен Л.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен белгілі ақын,  жазушы,  тілші, ұлағатты ұстаз Ғайнижамал Сайманқызының 75 жасқа толу құрметіне арналған кеш өтті.

«Жүрегінен өлең болып өрілген», «Көк тудың желбірегені», «Аман болшы ақылдым», «Отан отбасынан басталады» сынды бірнеше кітаптардың авторы, ардақты ана, абыройлы ақын, Қостанай өңіріндегі талантты жастардың дарынын ұштап, шығармашылығының шыңдалуына жол ашқан  Ғайнижамал Бердалинованы мерейтойымен құттықтау үшін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов бастаған азаматтар мен ақынның үзеңгілес достары, ақын-жазушылар, сондай-ақ студенттер қауымы келді.

Кеште ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы замандастары толғана сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді.  Оқушылар ақын сөзіне жазылған хорды орындап, студенттер өлеңдерін жатқа айтып көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ өңірімізге және республикаға танымал өнерпаздар ақын шығармашылығын әнге арқау етті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus