Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шындықтың оралуы және жадымыздың оянуы» (Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арналады)
25.05.2017

24 мамыр күні кітапханада Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арналған «Шындықтың оралуы және жадымыздың оянуы» атты еске алу кеші өткізілді.  Тарихымыздың қаралы кезеңін, саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын ұмытпау, ол туралы келер ұрпаққа жеткізу халқымыз үшін қасиетті борыш болып қала бермек.  Атулар мен қамаулар миллиондаған адамның тағдырын тас-талқан етті. Балалар ата-анасынан айырылды. Қазақстан үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Себебі тарихтың осы бір кезеңінде республикамыз кеңес елінің миллиондаған адамдары жер аударған мекенге айналды.  

Шараға А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ҚР және РФ тарих ғылымдарының докторы Легкий Дмитрий Максимович, ЧелМУ ҚФ директорының ғылым бойынша орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, құқық кафедрасының профессоры Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы, ҰҚК ардагері, генерал-майор Дәуенов Михаил Түсіпұлы, тыл ардагері, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Еленов Стахан,  Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Исенов Мырзабек қатысты. 

Шақырылған қонақтар 30-шы жылдары орын алған осы бір қасіреттің себептері туралы, Қазақстанға жер аударылған халықтар жайында, саяси қуғынға ұшыраған жандардың тағдыры туралы айтып берді.Ақсақалдардың қуғын-сүргін кезінде жазықсыз зардап шеккен туыс-туғандары жайындағы әңгімелері аса әсерлі болды.

Қасіретке толы жылдар туралы әңгіме слайдтар көрсетумен сүйемелденіп, опат болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Кеш барысында өлеңдер оқылып, бейнероликтер көрсетілді және кітап көрмесі безендірілді.

Алыста қалған жылдардың оқиғалары ешкімді бейжай қалдырған жоқ, сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды, сондай-ақ әдебиеттер көрмесі келгендердің қызығушылығын тудырды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus