Шілде айының бірінші жартысында
«Америка бұрышы» АРО-да Анна Блюммен кездесу өтті, кездесу оның соңғы үш жылда
жұмыс істеп, өмір сүрген жері Шри-Ланка туралы әңгімеге арналды.
Спикер өзінің таныстыруын ағылшын
тілінде интерактивті әңгімелесу форматында өткізді, таныстырудың мақсаты өзге
елге барудан күтілетін стереотиптік ойды қалыптастыратын бұқаралық ақпарат
құралдары мен әлеуметтік желілер әсері туралы талқылауға келген қонақтарды
тарту, сондай-ақ, мәдениетаралық коммуникативті біліктілігі мен ашық әлемді
қабылдауды дамытудың маңыздылығымен бөлісті.
Пікірталас қонақтары мен фасилитатор
елдер туралы ой қалыптастырған факторлар мен өздері болған елдер туралы
оң-теріс көзқарас қалыптастырған жеке саяхат тәжірибелерімен бөлісті.
Анна Шри-Ланка туралы бұрын білгені-білмегені
туралы қонақтарға сұрақтар қоя отырып, Шри-Ланканың халқы, мәдениеті, тарихы,
салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығы туралы айтып берді.
Кездесу спикерге қойылған көптеген қызықты
сұрақтардың арқасында белсенді түрде өтті. Кездесу English Speaking Club
аясындағы осындай форматтағы жаңа кездесулерді өткізу туралы қонақтардың өтініш
тілектерімен аяқталды, сондай-ақ, Шри-Ланка туралы шолу таныстырылымына, елдің
қызығушылығының дамуына алғыстарын білдірді. |