Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ашық есік күні
08.09.2017

Арада қаншама жыл өтсе де адамның бағбандыққа деген қызығушылығы төмендеген емес, керісінше уақыт озған сайын арта түсуде. Бұл орайда мол өнім алу басты мақсат та емес, ол адамның демалатын орнына, тіпті өмірлік тірегіне айналған. Ал бағбандықпен айналысқысы келетіндер үшін қандай да бір агротехникалық амалды орындау үшін қажетті ақпаратты дер кезінде алып отырған маңызды. Бұған қажеттілігі тұрақты өсіп келе жатқан клубтар көмекке келе алады. 

2017 жылдың 7 қыркүйегінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залы жанынан жұмыс істейтін бағбандар клубының қатысушылары үшін «Тэрра» ШҚ экскурсия ұйымдастырылды. «Тэрра» ШҚ директоры Владимир Иванович Семейкин кәсіпорынның жұмысы жайында, шаруашылықта өсірілетін өнімнің сапасы, бақша дақылдарының тұқымдары туралы айтып беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қонақтар «Тэрра» ШҚ ұйымдастырылған саяхат үшін риза болды және көптеген пайдалы ақпарат алып қайтты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus