Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Спандияр Көбеевтің туған жерінде
22.02.2018

2018 жылы қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толды. Осыған орай Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу, материал жинау мақсатында оның туған жері Меңдіқара ауданына сапарға шықты. Кітапханашылар Спандияр Көбеевтің ұрпақтарымен: оның келінімен, немересімен, шөбересімен және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімінің шәкірті, кейін әріптесі болған Мәжит Уәлиахметов ақсақалмен кездесті. Кездесуге қатысқандар Спандияр Көбеев жайындағы естеліктерімен бөлісті, оның өмірінде болған оқиғалар туралы, оның Қазақстанның білім саласы мен әдебиетін дамытуға қосқан үлесі туралы әңгімелеп берді. Зерттеу сапарының материалдары Өлкетану әдебиеттері бөлімінің жұмысында пайдаланылатын болады: сапар барысы сараланатын мақала жариялау, сондай-ақ Спандияр Көбеевтің мерейтойына арналған іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары педагогикалық жұмыстың ардагері З. Ш. Ермұхановаға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus