Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жолдау – жаңғыру жолы
15.03.2018

14 наурызда әмбебап оқу залы мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған «Жолдау – жаңғыру жолы» дөңгелек үстелін өткізді.

Шараға қаламыздың белгілі мемлекеттік және саяси тұлғалары:  филология ғылымдарының докторы, профессор А. А. Әбсадықов, философия ғылымдарының кандидаты Т. С. Жақыпова, ЧелМУ Қостанай филиалының Әлеуметтік гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы О. В. Рак, «ҚОСӨСҚО» ММ атқарушы директоры А. К. Сәдуақасова, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай  академиясының ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі Д. Т. Меңдібаева қатысты.

Шараны ашқан Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дүйсебаева биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі мемлекеттің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуға бағыт алғандығы екендігін тағы бір рет атап өтті.

Сөз сөйлегендер Президент айтқан нақты тарауларға жеке-жеке тоқталып өтті және бірінші кезекте Қазақстанның білім беру саласы мен мәдениет саласын жетілдірудің және цифрландырудың қажеттігін атап көрсетті.  

Адами капиталдың жаңа сапасын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болуымыз үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек делінген Жолдаудың жетінші тарауы ерекше қызығушылық тудырды. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар өмірдің барлық саласын қамтыған  Жолдауды жүзеге асыру үшін оған еліміздің барлық азаматтарының белсенді атсалысулары қажеттігін атап өтісті.

Шараға арнап еліміздің саясатшыларының, талдаушыларының, қоғам қайраткерлерінің маңызды құжат жайындағы жарияланымдары қойылған «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» кітап көрмесі дайындалды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus