Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Махаббат жыры мәңгілік
16.04.2018

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК-сының ішінен құрылған «Ақ қауырсын» ақындар клубының ұйымдастыруымен Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күніне орай, шығармашылыққа бейім жастардың «Махаббат жыры мәңгілік» тақырыбындағыақындар сайысы болып өтті.

Аталмыш шараның мақсаты: белсенді жастарды дамытып, әрі олардың қабілеттерін жоғары деңгейде шыңдау; жастар бойында патриоттық сезім қалыптастыру; отан сүйгіштікке тәрбиелеу; жастарды мәдениеттілікке және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттергетарта отырып, оларды рухани дамыту; талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету; жастардың өмірге деген позитивті көз-қарастарын ұлғайту.

Шараға «Ақ қауырсын» ақындар клубының белсенді мүшелері қатысты. Сайысқа төрелік еткен, әділ бағасын берген әділ қазылар алқасы қатарында «Нұрлы таң» газеті директорының орынбасары Аслан Қанғожин, «Қостанай» телеарнасының тележүргізушісі Бауыржан Бөгенбай, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Жандос Жүсіпбеков сыңды жас ақындар болды. Сайыс төрт бөлімнен құралған. Яғни, «Таныстыру», «Ақындар жырлайды», «Ақындығың болса, қанакей!» және «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталған төрт кезең бойынша ақындарымыздың өнерін бағамдау.

Бір-бірінен асып түскен жас өнерпаздардың ішінен жеңімпазды анықтау әділ қазылар үшін оңайға түспеді. Дегенмен, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болып суырылып шыққан, жүлделі бірінші орынға ие болған ҚМПИ филология факультетінің 3 курс студенті Махаббат Жарбосын. Ал екінші орынға ие болған қостанайлық ақын Бағлан Анкауов. Жүлделі үшінші орынға ие болған ҚМПИ филология факультетінің 2 курс студенті Қарлығаш Сұлтан.

Қошемет пен демеуге ие болған жастар, көрермен көңілінен шыға білді деп айтуға болады. Осылайша қостанайлық жастар ғашықтар күні мерекесін поэзиямен асқақтата отырып, лайықты түрде атап өтті.

Айтжан ҚҰРЫМҒАЛИҰЛЫ

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus