Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әдеби десант
26.04.2018

 Әдеби орталық Алтынсарин ауданының тұрғындарын Қостанай облысының авторларымен таныстыруын жалғастырды. 25 сәуірде аудандық кітапханаға құрамында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры, түрлі байқаулардың лауреаты, ақын Ақылбек Шаяхмет бар «әдеби десант» түсті. Кездесу жанға жайлы достық ахуалда өтіп, жиналғандар шараға жақсы пікір білдірді. ОКЖ қызметкерлері автордың кітаптары мен ол жайындағы мақалалар қойылған «Кәусар сөз зергері» кітап көрмесін безендірді. Кездесуге оныншы сынып оқушылары, мұғалімдер мен кітапханашылар келді. Автор өзінің балалық шағы туралы айтып беріп, өлеңдер оқыды, балаларға көбірек кітап оқуға кеңес берді. Кездесу соңында қонақ жастарға ақыл-кеңесін айтып, ізгі тілектерін білдірді. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ