Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Амангелді ауданы кітапханаларының күні
18.05.2018

2018 жылдың 17 мамырында Амангелді ОКЖ кітапханашылары облыстың басты кітапханасында өздерінің жұмысын көрсетті.   Таныстырылым «Қостанай облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің кітапханалары күндері» жобасы аясында өтті.

Амангелді ОКЖ кітапханалар күні Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналды. Шараның салтанатты ашылуы кезінде аудан әкімінің орынбасары Ғаниев Сүндет Жолдыбекұлы және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов шараға жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. Аудан кітапханашылары әріптестерінің назарына өлкетануға қатысты "Тарихқа толы ұлы өлкем" электронды библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесерін ұсынды. Бағдарламаға сондай-ақ Қазақстан Республикасының халық әртісі, белгілі актер, Амангелді ауданының тумасы Әнуар Боранбайұлының 70 жылдығына арналған еске алу кеші енді.Кешке келгенактердің жесірі мен туыстары, жолдастары атақты әртіс жайындағы естеліктерімен бөлісіп, оның өмірінде болған оқиғаларды ортаға салды және оның қазақ киносының дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.Кітапханалар күні поэтикалық марафонмен жалғасты, мәнерлеп оқу үйірмесінің жұмысын аудандық орталық балалар ауруханасының  қызметкерлері көрсетті.  Шара ОКЖ қызметкерлері дайындаған әдеби-музыкалық композициямен аяқталды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ