Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайда мәдениет қызметкерлерінің облыстық жиыны өтті
28.05.2018

Түрлі шығармашылық саласының өкілдері өздерінің жетістіктерін ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Облыстың үздік мәдениет қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің грамоталарымен, Қостанай облысы әкімінің грамоталармен марапатталды.  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Қарабалық ОКЖ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Р. Р. Феданова марапатталды. Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дүйсебаеваға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін облыс әкімінің Грамоталарымен Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің бас әкімшісі С. А. Доронина, Арқалық қ. №2 ОӘҒК абонементтер бөлімінің меңгерушісі Н. Н. Абаканова, Қостанай қ. ОКЖ   директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары О. А. Малых, Қарасу ОКЖ директоры А. Д. Ысқақова және Науырзым ОКЖ Шилі ауылдық кіапханасының кітапханашысы Г. С. Бірмағамбетова марапатталды.

Сондай-ақ  мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани Қазына-2018» облыстық байқауының аталым жеңімпаздарын марапаттау  салтанаты болды. «Үздік облыстық маңыздағы мемлекеттік кітапхана» аталымы бойынша Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК Алғыс хатқа ие болды. Үздік аудандық (қалалық) маңыздағы мемлекеттік кітапхана болып Ұзынкөл аудандық балалар кітапханасы танылды. Таран ауданы ОКЖ Май ауылдық кітапханасы үздік ауылдық маңыздағы мемлекеттік кітапхана ие болды. Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК толықтыру, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің бас әкімшісі Ж. Қ. Қойшыбаева «Облыстық деңгейдегі үздік кітапхана қызметкері» аталымы бойынша жеңімпаз болды. «Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Ж. Ибжар аудандық (қалалық) деңгейдегі үздік кітапхана қызметкері болып танылды. Қостанай ауданы ОКЖ Борис-Романов ауылдық кітапханасының кітапханашысы В. И. Михалева ауылдық деңгейдегі үздік кітапхана қызметкері болды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұжымы әріптестерін жеңістерімен құттықтайды және еңбекте табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреді!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus