Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
dir
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі

2021 жылдың 05 қаңтарынан бастап кітапханада жаңа құрылымдық бөлімше – Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі пайда болды. Бөлім зағип және нашар көретін оқырмандардың, олардың отбасы мүшелерінің ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Бөлім жұмысының бағыттары:
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың зияткерлік және рухани өмірін дамыту;
- бейімделген көздер арқылы білім мен ақпарат алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- бос уақыттарын ұйымдастыру және осы санаттағы адамдардың шығармашылық қабілеттерін жұртқа көрсетуге жәрдемдесу.

Бөлім «Облыс тынысы» өңірлік жобасын іске асыруда. «Слабое звено» зияткерлік ойыны үнемі өткізіліп тұрады, «Дода» үстел ойындары клубы жұмыс істейді.
Бөлімнің қоры әмбебап сипатқа ие және онда арнайы нысандағы 3712 құжат бар. Бұлар сипап сезу арқылы өз беттерінше оқуға немесе есту арқылы қабылдауға арналған зағип және нашар көретін азаматтарға арналған басылымдар.
Бөлім өз оқырмандарына мүгедектеріне арналған «Логос» – av3715.ru онлайн кітапханасының қызметін ұсынады.
Бөлімнің Рудный қаласында филиалы, облыстың ОКЖ-де 13 кітапхана пункті бар.

Жұмыс тәртібі:

Жұмыс күндері: 10:00–18:00.
Демалыс: сенбі, жексенбі.
Тазалық күні – айдың соңғы жұмыс күні.

Телефон: 503–075

Е-mail: specotdel@mail.kz

Бөлім меңгерушісі – Галиуллина Гүлфира Өмірзаққызы

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ