Сізге кітапхананың виртуалды жаңа қызметін – кітапты online ұзартуды пайдалануды ұсынамыз. Ол кітапханадан алынған құжаттардың – кітаптар мен мерзімді басылымдардың пайдалану мерзімін оңай және тез ұзартуға мүмкіндік береді.
Бұл жерде сіз біздің кітапханамыздан үйде пайдалануға алған әдебиеттеріңіздің мерзімін ұзарта аласыз. Әдебиеттерді тек 2 рет ұзартуға болады. Ол үшін сайтта тіркелу және жеке кабинетке кіріп модульды толтыру қажет.
Аталған қызмет түрін кітапхананың оқырмандық қарыздары жоқ пайдаланушылары ғана пайдалана алады.
Кітапты қайтару мерзімін ұзарту жөніндегі өтінішті кез келген уақытта жолдауға болады, өтініш дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін орындалатын болады.