22.21я73
Т 50
Тойбаев, С. Н.
Теориялық механика негіздері [Мәтін] : оқулық / С. Н. Тойбаев. – Алматы : Нұр-Принт, 2017. - 359, [1] б.
Оқулықта теориялық механика пәнінің негіздері, практикалық есептер шығару мысалдары, есептеу-графикалық жұмыс тапсырмалары, глоссарий және тест сұрақтары берілген. Оқу материалдарының құрылымы кредиттік технологияны қолданылатындай етіп ұйымдастырылған. Бұл білімді бақылаудың төрт деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді: дәріс деңгейінде - ағымдағы бақылау, блок деңгейінде - аралық бақылау, модуль деңгейінде - белестік бақылау, оқулық деңгейінде - қорытынды бақылау. Білімді бақылау осы деңгейлерге сәйкес құрастырылған тестілер арқылы жүзеге асырылады.
Оқулық «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Ғарыштық техника және технология» мамандықтарының жалпы білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ол жоғарғы техникалық оқу орындарының қазақ бөлімдерінде оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға арналған.