24.2я7
Д 97
Дюсеналин, Б. К.
Органикалық химия [Мәтін] : оқу құралы. 1-кітап : Органикалық
химияның негізгі түсініктері / Б. К. Дюсеналин. – Алматы : Лантар
Трейд, 2021. – 121 б.
«Органикалық химия». 1-кітап. «Органикалық химияның негізгі түсініктері» атты оқу құралы жоғарғы оқу орындары мен арнайы-орта оқу орындарының барлық мамандықтарының студенттеріне негізгі не қосымша компонент ретінде арналған. Пререквезит ретінде жалпы және/немесе бейорганикалық химия болып табылғандықтан студенттер жалпы химия негіздерімен таныс деп саналып, олар негізгі химиялық заңдарды, молекулалық массаны, үрдістердің кинетикасы мен термодинамикасын анықтауға арналған есептерді шығара алады деп есептеледі. Оқу 15 апталық курсқа арналған жеті бөліктен тұрады. Мұндағы ұғымдар тек қана органикалық химия тұрғысынан қарастырылады. Бірінші бөлігінде органикалық әлемнің негізгі элементі көміртегі және оның қасиеті қарастырылады. Екінші бөлікте студенттер органикалық химия кең тараған химиялық байланыстар түрлерімен танысады. Үшінші бөлік органикалық қосылыстардағы атомдардың өзара әсеріне арналған. Төртінші бөлікте молекулалардың реакция алдындағы жағдайлары қарастырылады. Бесінші бөлік химиялық реакциялардың түрлерін тануға бөлінсе, алтыншы және жетінші бөліктерде органикалық қосылыстардың изомериясы, жіктелуі (классификация) және номенклатурасы сияқты түсініктер қарастырылады. Ал көмірсутектерден бастап нақты органикалық қосылыстарды екінші және кейінгі оқулықтарда қарастыру жоспарланған.
Оқу құралы үш блоктан және химиялық терминдер сөздігінен тұрады. Қазақша және орысша екі тілде жазылған. Теорилық бөліктің шеткі жағында студенттер органикалық химияда терең із қалдырған ғалымдардың өмірбаянымен таныса алады.