Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Күміс кітап

78.3

Б 88

Бұқарбай, Б.
    Күміс кітап [Мәтін] / Б. Бұқарбай. – 3-бас., толықт. – Алматы : Самға, 2019. – 240 б.

 

Google әлемдегі барлық кітапты санап шығып, олардың жалпы саны 129 864 880 екенін анықтапты. Дүниежүзіндегі ең үлкен АҚШ Конгресінің кітапханасының қорында 33 миллионнан астам басылым бар екен. Жүз жыл өмір сүретін адам жылына жүз кітап оқығанның өзінде ғұмырында әрі кетсе он мың кітаптан асыра алмайды. Осыдан-ақ өмірдің қысқа екенін және білімнің түбіне жетудің мүмкін еместігін байқаймыз. Кітап оқудан бас тартпай, оны сүйікті әдеттеріміздің біріне айналдырғанымыз, қай жағынан алып қарасақ та, тиімді екені сөзсіз. Шетелде жүргізілген зерттеулердің бірінде үшінші сыныпқа дейін оқуға қызығушылығы оянған баланың болашақта түрмеге түсу, нашақорлыққа шалдығу немесе оқуын аяқтай алмай қалу ықтималдығы күрт төмендейтіні анықталыпты. Кітап оқитын ересектер екі жарым есе жиі ерікті жұмысқа араласып, қайырымдылық шараларына атсалысады екен.

2016 жылғы зерттеу бойынша, еліміздегі жастардың сексен пайызға жуығы кітапты не өте сирек оқиды, не оның бетін мүлдем ашпайды екен. Бұл көрсеткіш бізді алаңдатуы керек. Еліміз ертең «ақылды» экономика құрып, әлемнің басқа мемлекеттерімен терезесі тең болсын десек, онда кітап оқитын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Қолыңызда ұстап тұрған кітаптың негізгі мақсаты - жастарды кітап оқуға шақыру.

Кітап осы мәселеге қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ