Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Елтаным

67.400.58(5Қаз)

Ш 18

Шаймерденұлы, Е.
    Елтаным [Мәтін] : тарихи-философиялық рәмізбаян / Е. 

Шаймерденұлы. – Алматы : SUNSHINE plus, 2022. – 320 б. : сурет.
    Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл
    Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Ел – ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғы қазақ сөзінен бастап күні бүгінге шейін еш өзгеріссіз қауым, қағанат, ел-жұрт, Отан, мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандыльқ, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де – осы сөз, осы ұғым.

Кітап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятута бағытталған. Тілі – шұрайлы, ділі – таза, діңі – мықты. Елдігімізге қатысты кең мағлұмат беретін терең интеллектуалдық еңбек деп бағалауға лайық туынды. Жүрек қайнарында суғарылған сезім сөзі ретінде ажарлы һәм әсерлі.

Ойды қозғап, сезімге сәуле түсіретін рәмізбаян студенттер мен оқушыларға, педагогтарға, саясаттанушыларға, вексилологтар мен геральдистерге, жүрегі елім деп соққан барша оқырман қауымға арналады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ