«Қазақ газеті», 1913 жыл
76.12
Қ 17
«Қазақ газеті», 1913 жыл [Мәтін] / ҚР Ғылым және жоғары білім
м-гі, Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық ун-ті, «Алаш» мәдениет
және рухани даму ин-ты ; Репрессияға ұшыраған Қазақстан
зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры ; бас ред. Ғ.
Әнес ; [жауапты ред. С. Х. Аққұлы ; құраст.: Ғ. Әнес, Т. Замзаева]. – Алматы : Алаш Орда, 2023. – 576 б. – (Алаш 100 арыс).
«Шерлі шежіре» жобасы
Қазақ ұлттық баспасөзінің қарлығашы, тұңғыш жалпы ұлттық әрі халықаралық «Қазақ» газеті Орынбор қаласында А. Байтұрсынұлының басшылығымен 1913–1918 жылдары үзілмей жарық көріп тұрды. Қазақ оқығандары мен ұлтшыл Алаш зиялылары осы «Қазақ» маңына топтасып, қаламы мен саяси көзқарасын ұштады. Кейін олар үлкен саяси күшке айналып, Алаш автономиясын құрып, қазақ ұлттық мемлекеттілігін қайта жаңғыртты.
Жинаққа XX ғасыр басындағы қазақ халқының төл энциклопедиясы іспетті «Қазақ» газетінің 1913 жылғы топтамасының 01-44 сандары түгелдей араб әліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп, толық күйінде жарық көріп отыр. Оларда ұлтымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, экономикалық-әлеуметтік, мәдени, оқу-ағарту, дін мәселелері жан-жақты қамтылған.
Кітап ұлт, мемлекет және Отан тарихына қызығушы барша оқырман қауымға арналған.