Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазыбек, М. Ғалам таныған ғұлама
72.3
Қ 21
Қазыбек, М.
Ғалам таныған ғұлама [Мәтін] : М. Х. Дулати: қайраткер, ғұлама
ғалым, жазушы / М. Қазыбек. – Алматы : Дәуір, 2023. – 400 б.

Қолдарыңыздағы кітапта Мұхаммед Хайдар Дулатидің (1499–1551) шығармашылығы тарихи-филологиялық, танымдық-философиялық тұрғыда алғаш рет жүйеленіп, әр қырынан зерттеліп пайымдау жасалынады. Дулатидің мемлекет қайраткері, қолбасшы, жазушы, суретші ғұлама ғалым ретіндегі болмысы жан-жақты ашылып қарастырылады. Ұлы ойшылдың, ең алдымен, қазақ тарихының атасы ғана емес, ол сондай-ақ қазақтың тұңғыш мемуарист жазушысы екенін зерделеген тың ойлар, жаңалыққа негізделген тұжырымдар жасалынған. Мұхаммед Хайдар – ғылымның барлық саласын терең меңгерген талантты энциклопедист тұлға. Жазушының қаламынан туған классикалык, «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен қырықтан астам ғылым саласына қатысты тұжырымдарын айқын аңғаруға болады. Ұлы бабамыздың жазушылық қалам-қарымы оқырманды шын мәнінде ғасырлар қойнауына жетелеп, ұшан-теңіз беймәлім деректер мен танымдық-тарихи материалдармен кенелтіп тастайды. Бұл еңбекте ұлы ғұламаның шығармашылығы арнайы тың тақырыптар аясында қарастырылып, оқырмандарды тосын жаңалықты дүниелермен қауыштырады.
Кітапта ұлы тұлғаны ұлықтауға байланысты Үндістан жерінде өткен халықаралық іс-шаралар қамтылған.
Дулати шығармасы зерттеушілерге, әдебиетшілер мен мәдениет-танушыларға, тарихшыларға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ