Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әбдіәкімұлы, М. 1900–1930 жылдары Ташкент қаласында шыққан басылымдардағы қазақ авторларының жазбалары
76.12
Ә 14
Әбдіәкімұлы, М.
1900–1930 жылдары Ташкент қаласында шыққан
басылымдардағы қазақ авторларының жазбалары [Мәтін] / М.
Әбдіәкімұлы. – Алматы : Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 322, [4] б. : сурет. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық
жазушылардың зерттеу жұмыстары).

Кітапта 1900–1930 жылдары Ташкент қаласында қазақ тілінде (араб, шағатай емлесімен) шыққан басылымдарда Түркістан аймағында өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан қаламгерлердің маңызды деген жазбалары басылған. Сонымен бірге басылым бетін көрмей, архив қорларында сақталып жатқан бірнеше жазбалар да жарияланған. Мұндағы авторлардың көпшілігі бүгінгі оқырмандарға таныс емес һәм бірталайының есім-сойлары тарих шаңына көміліп, кейінгі ұрпақтың санасынан сылынған. Десе де, бұл авторлар мақалаларының басым бөлігі сол уақыттағы қазақтардың әлеуметтік, тұрмыстық және саяси өміріне арналып жазылған. Сондай еңбектерде көтерілген мәселе- лердің көпшілігі осы күндері де маңызын жоймаған деуге болады. Сонымен қатар аталмыш кітапта күллі Алаш жұртына белгілі болған қайраткерлердің де қазіргі оқырманға белгісіз болып келген бірқатар еңбектері басылған.
Кітап қызығушылық танытқан көпшілік оқырман қауымға арналады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП