Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тәж-Мұрат, М. Бабалар аты барған жер: Армения сапары
63.3(5)
Т 28
Тәж-Мұрат, М.
Бабалар аты барған жер: Армения сапары [Мәтін] / М.
Тәж-Мұрат. – Алматы : Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. –
215 б. : сурет. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық
жазушылардың зерттеу жұмыстары).


Мақсат Тәж-Мұраттың «Бабалар аты барған жер: Армения сапары» еңбегі – автордың Арменияға жасаған зерттеу сапарынан туған ғылыми-танымдық жазба. Кітапта жазушы армян архивтері, Матенадаран, ұлттық кітапханалар мен ғылыми орталықтардағы қыпшақтарға қатысты деректерді зерделеп, көне қолжазбалардың жай-күйін қарастырады. Армения жеріндегі бұрынғы қыпшақ қоныстары, тарихи шіркеулер, көне жазулар, жергілікті халық жады мен ауызша мәліметтер негізінде қыпшақтардың тағдыры, олардың аймақтағы іздері, ассимиляциясы жөніндегі ғылыми болжамдар сарапталады. Сондай-ақ түркі-армян мәдени ортақтастығы, тілдік және тарихи байланыстар, армян-қыпшақ жазбаларының табиғаты, олардың дұрыс зерттелу қажеттігі көтеріліп, армян және қазақ ғалымдарының өзара ынтымақтастығы туралы ойлар ұсынылады.
Еңбек – қыпшақ мұрасын жаңа қырынан танытып, тарихи деректерді жүйелі талдауға бағытталған зерттеу.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП