Қойгелдиев, М. Әбдіғапар хан Жанбосынұлы және оның әулеті: азаттық үшін күресте өткен өмір
63.3(5Қаз)61
Қ 59
Қойгелдиев, М.
Әбдіғапар хан Жанбосынұлы және оның әулеті: азаттық үшін
күресте өткен өмір [Мәтін] : 1916–1931 жж. / М. Қойгелдиев, З.
Мырзатаева ; ҚР Білім және ғылым м-гі, «Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық ун-ті» КеАҚ ; «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы ; Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы. – Алматы : LEM, 2025. – 583 б. : сурет.
Кітапта 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Әбдіғапар Жанбосынұлының идеологиялық себептерге байланысты советтік кезеңде көлеңкеде қалдырылған азаматтық болмысы, сондай-ақ тарихи тұлғаның ұрпағы мен өңірдегі елінің 16-жылғы көтерілістен соң мұқалмаған қайсарлық жігері мен ендігі кезеңде күштеу арқылы жүргізілген советтік реформалық шараларға қарсы халық көтерілістеріне (Батпаққарадағы 1929 ж., Қарақұмдағы 1930 ж.) қатысып көрсеткен ерлік істері және бұл саяси ұстанымның қайғылы тағдыры соңғы жылдарға дейін құпия түрде сақталып келген тергеу материалдары негізінде баяндалады. Осы ретте мынадай жағдайды ескеру маңызды: 1916 ж. және 1929–1930 ж.ж. саяси биліктің әділетсіз ұстанымына қарсы халық көтерілістері арасындағы табиғи сабақтастық алғаш рет фактілік негізде баяндалып отыр.
Кітап білім беру жүйесіндегі оқытушы-ұстаздарға, оқушы жастарға және отан тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналады.