Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сабырбаев, Ә. С. Кете тайпасының көне тарихы
63.214
С 12
Сабырбаев, Ә. С.
Кете тайпасының көне тарихы [Мәтін] : Қазақ халқының көне
тайпаларының бірі – кете тайпасының тарихи ақиқат деректері
/ Ә. С. Сабырбаев. – Қызылорда : Тұмар, 2023. – 254 б.


Кіші жүз Қаракесек бірлестігіндегі (Әлім, Кете, Шөмекей) кете тайпасы туралы зерттеу тұңғыш рет жазылып отыр. Кете руы да өзге де түркі тайпаларындай әлемдік өркениетке көп үлес қосқан қауымның бірі. Б.д.д. көне тарихшылардың жазуы бойынша, Кетелер Тұран даласында өмір сүрген, сақтайпаларының бірі массагеттерден тараған. Біздің заманымыздың кезінде IV ғасырда Атилла бастаған Ғұн империясы Еуропаны жаулап алды. Мұны тарихшылар «Халықтардың ұлы көші» деп атайды. Сол «Ұлы көшпен» бірге болған кете тайпасы Еуропада гот (германдықтар) тайпасын қалыптастырды.
Сыр бойы – Алты алаштың алтын бесігінде, өркениеттің ошағында өмір сүріп жатқан, дуылғалы батырларымен, күміс көмейі күмбірлеген жырауларымен, Сыр сүлейлерімен, «қара қылды қақ жарған» билерімен танымал, кете тайпасының арғы-бергі шежіресі мен тарихын баяндайды.
Автордың пайымдаулар мен болжамдары өзгеше ой ағымдары зерттеудің мазмұнын байытып, бұдан әрі де кете тайпасының тарихын іздей түсуге жас тарих зерттеушілердің құлшынысың арттырады деп сенеміз.
Кітап түркітектес халықтардың тарихына қызығушылық танытатын гуманитар-мамандарға, көпшілік оқырмандарға, көне тарихымызды зерттеп жүрген тарихшы студенттерге, ру-тайпалардың шежіресін жазып жүрген зейнеткерлерге арналған.
Кітаптагы кескіндеме, Қазақстан және КСРО Суретшілер Одагының мүшесі қылқалам шебері Рахым Шегебаевтың «Қорқыт менің жүрегімде» (2009) атты кітабынан алынды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП