Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы дәстүрлі картотекалық ақпараттар, (1921–2001)
78.37я2
Қ 18
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы
дәстүрлі картотекалық ақпараттар, (1921–2001) [Мәтін] : библиогр.
шолу анықтамалығы / ҚР Ұлттық кітапханасы ; [жоба жетекшісі,
бас ред. Ғ. Қ. Нұрғалиева ; құраст. А. Т. Байбосынова ; жауапты
ғылыми ред. Қ. М. Алтынбек ; ред.: Ф. У. Сыдықжанова [т. б.]. –
Алматы : Alash Book, 2025. – 522 б.
Бұл көрсеткішке хронологиялық тәртіпте 1925 жылдан 2025 жылдың тамыз айына дейін баспа бетінде жарық көрген кітаптар, жинақтар және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланган мақалалар іріктеліп алынды. Сонымен қатар, көрсеткішке 1998 жылы жарық көрген А. Т. Байбосынованың «Қазақстан библиографиясының қайраткерлері: зерттеулер мен әдебиеттер көрсеткіші» атты библиографиялық еңбегі толықтырылып және қайта өңделіп енгізілді.
Библиографиялық көрсеткішті құрастыруда ҚР Ұлттық кітапханасының библиографиялық мәліметтер базасы: «Қазақстан кітаптары», «Қазақстан: өткені мен бүгіні», «Авторефераттар», «Диссертациялар» библиографиялық каталогтары мен библиографиялық картотекасы, сондай-ақ ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басылымдары пайдаланылды.
Басылым көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдардың атауларының көрсеткіштерімен толықтырылған.
Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, оқытушыларға, кітапханашыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.