Солтүстік Қазақстан өңірінде «Қазақстандағы кіші қазан» революциялық бағдарламасы кампанияларының күшпен жүзеге асырылуы
63.3(5Қаз)61
С 60
Солтүстік Қазақстан өңірінде «Қазақстандағы кіші қазан»
революциялық бағдарламасы кампанияларының күшпен жүзеге
асырылуы [Текст] : құжаттар мен материалдар жинағы. Т. 20 / ҚР
Ғылым және жоғары білім м-гі, Ғылым комитеті ; Ш. Ш. Уәлиханов
атындағы тарих және этнология ин-ты, Саяси қуғын-сүргін
құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның
жобалық кеңсесі ; [құраст.: С. А. Қасымов [т. б.] ; жалпы ред.
басқарған Е. А. Әбіл]. – Алматы : Литера-М, 2025. – 383 с. : ил.
Жинаққа Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі «Қазақстандағы кіші қазан» революциялық бағдарламасы кампанияларының күшпен жүзеге асырылуы туралы архив құжаттары, ғылыми жарияланымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының деректері, сонымен қатар естеліктер енгізілді.
Жинаққа 1925–1933 жылдары жүргізілген саяси, әлеуметтік, экономикалық кампанияларға қатысты КСРО аумағында қабылданған заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер, БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің, ҚазОАК басшыларының алқалы жиындарда сөйлеген сөздері, баяндамалары, сондай-ақ тақырыпқа қатысты ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Президентінің архиві, облыстық және аудандық архивтердегі деректер де топтастырылды. Байлар мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу, сайлауға қатысу, дауыс беру сияқты заңдық құқығынан айыру шараларының Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысының кейбір аудандарында жүргізілуіне қатысты деректер де енгізілді. Жинақтағы құжаттық материалдардың біраз бөлігі алғаш рет жарияланып отыр.
Жинақ тарих, құқық, саясаттану, антропология және философия салаларының мамандарына, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жас ғалымдарға, зерттеушілерге, сондай-ақ тарихқа қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған.