74.262.23
А 34
Акитай, Б. Е.
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемелік негіздері [Мәтін] : [оқу құралы] / Б. Е. Акитай. – Алматы : Альманах, 2017. - 236 б.
Оқу кұралында педагогикалық жоғарғы оқу орындарында физика пәнінің мұғалімдерін дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері: физиканы оқытудың жалпы және жеке мәселелері, оқушыларда мектептегі физика курсындағы физикалық теорияларды қалыптастыру әдістемесі дәріс түрінде ықшамдалып берілген.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде кредиттік технология, қашықтықтан оқыту, ақпараттық және компьютерлік оқыту технологияларында оқу-әдістемелік материалдарын (дәріс, студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар және т.б.) интернетке шығарып тарату үрдісі кеңінен қолдануда. Сондықтан да болашақ физика мұғалімдерін дайындаудың жалпы және жеке мәселелері дәріс түрінде дайындалып, әр тақырыпқа байланысты қолданылатын әдебиеттері көрсетіліп және студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар беріліп отыр. Оқу құралы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен физика пәнінің мұғалімдеріне арналған.