81.63
Ә20
Әбілқасымов Б., Сейтбекова А. Қазақ тілі тарихына қатысты түркологиялық ізденістер. Ғылыми-танымдық зерттеу - Алматы, 2011. -212 бет.
Бұл кітапта қазақ тілі тарихына қатысты мол деректер жинақталған. Көне қыпшақ тілінің соңғы үлгілерінің бірі - Әбілғазының «Түркі шежіресі» шығармасының зерттелуі, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысы сөз болады. Сондай-ақ жазба мұрағаттар тілінің лексикасының бір қабаты болып табылатын кірме (араб және парсы) лексикалық қолданыстарына лингвистикалық талдау жасалынады.
Кітап түркітанушыларға, тіл тарихымен айналысатын зерттеушілерге, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне және көпшілік қауымға арналады.