Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жаубай, Е. Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері
82.3(5Қаз)
Ж 35
Жаубай, Е.
Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері [Мәтін] : Арғымақ
антологиясы: Күлтегіннен күні бүгінге дейін / Е. Жаубай. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2023. – 400 б. – (Жаңа қазақ
әдебиеті).


Қолдарыңызға тиіп отырған халқымыздың асыл қазынасының бір тамшысы – «Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері» жинағы құрастырушының алғашқы еңбегі. Қазақ атауы жылқы ұғымымен біте қайнасып, бірігіп кеткендігі сондай, бұл екі ұғымды бір-бірінен бөле қарау мүмкін емес.
Бұл көшпенділердің дала философиясын тамыршыдай тап басып көрсетер қысқа да, нұсқа мақалдарды оқи отырып жылқы жануарына қатысты ерекше үш жағдайды түсінуге болады.
Бірінші: Жылқы психологиясын меңгеру.
Екінші: Жылқы бағымы.
Үшіншісі: Жылқыны пайдалана білу.
Сонымен бірге бұл кітаптың алдағы уақытта жарыққа шығатын «Арғымақ антологиясы» аталар сүбелі еңбектің қанатқақты нұсқасы екенін де айта кеткен ләзім.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ