Куралов, А. Қазақтың ақын-жазушылары
83.3(5Қаз)я73
К 86
Куралов, А.
Қазақтың ақын-жазушылары [Мәтін] : оқу құралы. 2 том / А.
Куралов, Р. Сакова, Р. Куралов. – Алматы : Alash Book, 2024. – 207 б. : сурет.Оқу құралы «Тұлғатану» арнайы пәнінің бағдарламасы негізінде жасалды. Бұл бағдарламаға енгізілген 2700-ге жуық тұлға халқымызға еңбегі сіңген және оның мақтанышына айналған тұлғалар. Бағдарлама «Қазақ ғалымдары», «Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткерлері», «Қазақтың тарихи тұлғалары», «Қазақтың ақын-жазушылары», «Қазақтың өнер қайраткерлері», «Қазақ спортшылары» деген алты салаға жіктелген.
«Қазақтың ақын-жазушылары» саласы 2 бөлімнен тұрады. Екінші бөлімге мынадай тараулар енгізілген. 1. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. 2. XX ғасыр ақындары. 3. Қазақтың көрнекті жазушылары. 4. Шетел қазақтарының ақын-жазушылары. 5. Айтыс ақындары. 6. Қазақтың көрнекті журналистері.
Бұл оқу құралына әр тарау бойынша АЗ форматында көрнекі плакат беріліп отыр. Оларды мектеп кабинеттерін безендіруде көрнекілік ретінде пайдалануға болады. Әр плакатта әдебиеттің дамуына үлес қосқан тұлғалар хронологиялық тәртіппен берілді.