Петек, Е. Абай өлеңдерінің қолжазбасы
83.3(5Қаз)5
П 26
Петек, Е.
Абай өлеңдерінің қолжазбасы [Мәтін] : (1907 жылғы Мүрсейіт
қолжазбасы) : (Қолжазбаның тілдік ерекшеліктері – Қолжазба –
Транскрипция) / Е. Петек ; түркі тілінен ауд. М. Әділов ; [жауапты
ред. Ш. Құрманбайұлы]. – Алматы : KEMEL KITAP, 2024. – 403 б. :
сурет.
Кітапта Абайдың 1907 жылы Мүрсейіт Бікеұлы тарапынан араб қаріптерімен хатқа түсірілген өлеңдері берілген. Қолжазбада ізбасар, замандас ақындардың да кейбір өлеңдері де кездесетіндіктен, жинаққа Ыбырай, Шәкәрім, Мағауия, Ақылбайлардың кейбір өлеңдері еніп отыр. Ұлы ақын Абайдың қазіргі басылымдардағы өлеңдерімен бірге, қолжазба авторының Абайдікі деп келтірген, бұған дейінгі жинақтарда жарияланбаған шығармалары да ұсынылған.
Абай өлеңдері жинағында араб жазуымен жазылған өлеңдер қолжазбасы жаңаша оқылып, оның қазіргі әліпби бойынша транскрипциясы берілген. Қолжазба мен оның оқылуы қатар келтіріліп, оқырман және зерттеуші қауымға ыңғайлы форматта ұсынылған.
Кітап мәтінтанушы, әдебиеттанушы, тілші ғалымдар мен филология мамандығы бойынша білім алушылыларға және жалпы рухани мұраға қызығатын көпшілік қауымға арналған.