Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бикен Римова
85.33(5Қаз)я6
Р 47
Бикен Римова [Мәтін] : фотоальбом / [құраст. – Е. Жуасбек ;
мұражай жетекшісі – Н. Тамамбекқызы]. – Алматы : Өнер, 2023. – 240 б. : сурет. – (Халық перзенті).


Қазақ театр сахнасында сандаған саңлақтар өзіндік өрнегін, ізгілікті іздерін салып өтті. Санап та саралай түссек, олар – Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Қ. Бадыров, М. Сүртібаев, К. Қармысов, С. Телғараев, Р. Қойшыбаева, С. Майқанова, А. Жолымбетов, Х. Елебековалар болып көш түзей түседі. Әрине, бұл аты аталғандардың баршасы – алғашкы кәсіби Қазақ театр өнерінің іргетасын қалаушы қарлығаштары мен қайраткерлері. Осынау сахна тұлғаларының қақ ортасынан ойып орын алатындардың бірі – аты күллі Алаш халқына мәлім – Бикен Римова.
Б. Римова – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Б. Римова – Қазақ театр сахнасына өзінің ана сүтімен дарыған тума талантымен, таудай биік талабымен келді. Ол таланты мен талабының арқасында толыққанды актриса ретінде алғаш Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқтысында» Мәрзия болып сахнаға шықты. Содан беріде: М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Еңліктің, «Абайында» Зейнептің, Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббатында» Сәуленің, Ә. Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емесінде» Фарида- ның, Ш. Хұсайыновтың «Сырымбет саласында» Зылиханың, «Алдаркөсесінде» Меңсұлудың, Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-анасында» Жер-ана бейнесін сомдады. Сонымен қатар «Тақиялы періште», «Менің атым – Қожа», «Өжет қыз», «Ана туралы аңыз», «Там-там үні», «Ұлдың оралуы», «Ай астындағы үй» кинофильмдеріне түсті. «Еңлік гүлім», «Өнердегі өнегелі өмірлер» кітабын жазып, қалам қарымын да қалың жұртқа таныта білді.
Мінеки, енді осы бірегей талант иесі, театр сахнасы мен кино таспасында қайталанбас із, кесек-кесек сахналық бейнелер сомдап қалдырған Бикен Римова туралы «Өнер» баспасы «Халық перзенті» сериясы бойынша сандық түбінде сарғыш тартқан суреттер мен тарих тақтасынан өзіндік орын алған тұлғалардың ой-толғамдарын ортаға ұсынады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ