Бекзат болмыс
85.33
Б 39
Бекзат болмыс [Мәтін] : жинақ / [ред. алқасы: Ж. Әміреев [т. б] ;
сурет. Н. Серғожаұлы]. – Алматы : ARNA-B, 2025. – 211 б. : сурет.
Қазақ театр өнерінің кең дүниесінде ерекше орны бар, сахнаға шыққан сайын көрерменін бір мезетте ойлантып, толғантып, кейде күлдіріп, кейде жылатып алатын сирек таланттар болады. Театр – тірі ағза, ал сол ағзаның жүрегіндей соғып тұратын тұлғалар бар. Солардың бірі – Бекжан Тұрыс.
Бұл жинақ – бір ғана актердің өмір жолы емес. Бұл – ұлт сахнасының рухани тынысы, өнердің мәңгілік ізденісі, актер болмысының терең иірімдері туралы сыр. Кітапқа енген әріптес ағаларының жүрекжарды лебіздері – Бекжанға деген құрметтің ғана емес, қазақ театр өнеріндегі сабақтастықтың, ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланыстың көрінісі. Ал іні-қарындастарының пікірлері – жаңа буынның оған қарап өсіп, одан шабыт алатынын, оның актерлік мектебі мен мінезінен үйренетінін айғақтайды.
Бекжан Тұрыстың сұхбаттары – актердің ашық ойы, өмірге, өнерге, қоғамға деген өзіндік көзқарасы. Бұл сұхбаттар оқырманға оның ішкі әлеміне үңіліп, кейіпкердің ғана емес, адамның жан дүниесін тануға мүмкіндік береді. Оның сахналық шеберлігі мен өмірлік философиясы жылдың, уақыттың, буынның өзгеруіне қарамастан, өз биігінде тұрғанын осы жолдардан аңғарамыз.
Осы кітап Бекжан Тұрыстың өнерін құрметтейтін әр жүрекке ой салып, шабыт беріп, қазақ сахнасының тағы бір асыл тұлғасын қайта таныта түседі деп сенеміз.