Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бел-белестер
85.334
Б 41
Бел-белестер [Мәтін] : Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық
драма театры – Тәуелсіздік кезеңінде, (1986–2025) / [жоба авт. –
Е. Жуасбек ; жинақ концепциясы, алғысөз және түсініктемелер
– Е. Жуасбек, Ә. Бөпежанова ; жинақ дайындау жұмыстарын
үйлестіруші Р. Жақыпбаева]. – Алматы : Қазақстан Жазушылар
одағы, 2026. – 502 б. : фотосурет.

Бұл жинақ ғасырлық тарихы бар, яғни құрылғанына 100 жыл толып отырған М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының тәуелсіздік кезеңіндегі рухани бет-бағдары мен көркемдік-эстетикалық ізденістерін, шығармашылық дамуындағы бел-белестерін алға тартады. Театр шығармашылығының алғашқы алпыс жылын (1926–1985 жж.) саралаған «Бел-белестер» жинағының жалғасы деуге болатын бұл еңбекке негізінен аға және кейінгі буын кәсіби театртанушылардың, сонымен қатар әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдар, жазушылар мен журналистердің қызғылықты мақалалары мен рецензиялары топтастырылған.
Қара шаңырақтың еркіндіктің бастауы болған сонау 1986 жылдан күні бүгінге дейінгі даму жолын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беріп, тұңғыш ұлт театрының шығармашылық өсу жолы туралы сыр шертетін жинақ кәсіби өнер қауымына және көпшілік оқырманға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП