Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жармакин, Б. Қ. Аналогтық электроника мен сенсорлар: модельдеу жəне бағдарламалау
32.85я7
Ж 31
Жармакин, Б. Қ.
Аналогтық электроника мен сенсорлар: модельдеу жəне
бағдарламалау [Мәтін] : оқу құралы / Б. Қ. Жармакин. – Алматы :
ADAL KITAP, 2022. – 236 б.


Бұл оқу құралында аналогтық электроника элементтері және радиоэлектрондық құрылғылардың компоненттері бірінші және екінші тарауларда анағұрлым кеңейтілген түрде қарастырылған. Оқу құралының үшінші тарауы жартылай өткізгіш электрониканың негіздері және осы құрылғылармен PROTEUS АЖЖ-да жұмыс істеуге арналған зертханалық практикум түрінде құрастырылған. Төртінші тарауда ARDUINO платформасымен жұмыс істеуге арналған түрлі әуесқойлық жобаларда жиі кездесетін сенсорлар қарастырылған.
Бұл оқу құралы оқушылар мен студенттерге аналогтық электроника негіздерін оқып-білуге көмектесу үшін жасалған. Оқу құралын мектептердегі жоғарғы сынып және колледждердің оқушылары мен ЖОО-ның студенттеріне радиомодельдеу, робототехника негіздерін үйренуге арналған үйірмелерге қолдануға кеңес береміз.
Оқу құралы «Радиоэлектроника», «Ақпараттық жүйелер», «Электротехника», «Есептеу техникасы» және басқа да техникалық бағыттар мамандықтарының студенттерін оқытуда ұсынылады.
Сонымен қатар бұл оқу құралы техникалық мамандықтағы оқу жүргізетін ұстаздар мен жоғары сынып пен колледж оқушыларына, студенттерге және электроника негіздерімен өздігімен оқып- үйренушілерге пайдалы болуы мүмкін.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ