Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ветеринариялық санитарлық микробиология

48.4

Т56

Толысбаев, Б. Т.

Ветеринариялық санитарлық микробиология [Мәтін] : [оқулық] / Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшов, Р. Ж. Мықтыбаева ; ред. бас. Б. Т. Толысбаев.- Алматы : Нұр-Принт, 2010. - 590 б.

Оқулық алғы сөз, кіріспе, микробиология ғылымының даму кезеңдерінен санитариялық микробиологияның міндеттерімен санитариялық-бактериологиялық лабораториялар және бес бөлімнен тұрады.

Бірінші - жалпы микробиология негізінде микроорганизмдердің морфологиясы, классификациясы, физиологиясы, оларға сырткы орта факторларының әсері, экологиясы, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, темір қосылыстарың өзгертуі, антибиотиктер және оларды түзушілер, тұқым куалаушылық (генетиткасы) туралы мәліметтер айтылады;

Екіншісі – инфекция. Инфекцияның пайда болуы, оның үш факторы, дамуы, микроорганизмдердін зардаптылығы мен уыттылығы, уттылыққа себепші факторлар, инфекциялық процестің пайда болуы мен дамуына микроорганизмдердің және сыртқы орта жағдайларының әсері, инфекцияның түрлері жане классификациясы туралы материалдар келтірілген;

Үшінші - иммунитет. Иммунитеттің түрлері, спецификалық емес, клеткалык, гуморальдық қорғау факторлары, антигендер, антиденелерді тузу теориялары, иммундық жүйе, иммунологиялық төзімділік, аллергия,  иммунитет туралы ілімді іс жүзінде пайдалану,иммунопрофилактика және иммунотерапия тағы басқа мәліметтер туралы айтылады;

Төртіншісі - арнайы микробиология - жұқпалы аурулар, олардын коздырғыштары, коздырғыштары, морфологиялық, тинкториальдык, биохимиялық, биологиялық қасиеттерімен спецификалық профилактика (вакциналар, гипериммундік қанның сарысулары, гаммаглобулиндер, диагностикумдер) туралы толық мәліметтер берілген.

Бесінші – санитарлық  көрсеткіш ретінде пайдаланатын мнкроорганизмдер туралы ғылым, сүт, сүт тағамдарының, ет, ет тағамдарының, жұмыртқаның, балық, балық өнімдерінің , ара, тері және аң терісінің микробиологиясынаң толық мәліметтер берілген. Сонымен қатар жемшөп (пішем, пішендеме, сүрлем), жемшөпті ашыту, микробтық белок алу, ки микробиологиясы және микотоксикоздар жануарлардың жемшөппен улануы толық қамтылған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ