Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы

46.11(5Қаз)

Т53

Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы [Мәтін] / А. Тоқтарбай . – Алматы : Алматыкітап, 2010. – 496 б. :сурет.

Қазақ жері мен елі – көне жылқының отаны. Қазіргі зерттеулер осыдан 6 мың жылдар шамасы бұрын Қазақстан территориясында тұрған көшпенді тайпалар әлемде алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, мініске, күш-көлікке пайдаланғанын, етін жеп, сүтін сусын еткенін дәлелдеп отыр. Көшпенді ұлыстардың, оның ішінде қазақ халқының өткенін жылқы тарихынсыз елестету мүмкін емес. Автор археологиялық, этнографиялық материалдарды, көне жазбаларды, аңыз-әңгімелерді, батырлар жырын, архив және ауызша деректерді салыстыра отырып, жан-жақты кешенді еңбек жазған. Қазақ жылқысы туралы ақпарлар Қазақстанның көпшілік аймақтарынан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай елдерінен, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Ташкент, т.б. мұрағаттарынан жиналып, тұңғыш рет ғылыми айналымға түсті. Еуразия көшпенділерінің тарихы – тұлпар тұяғымен жазылған тарих деп бекер айтпаймыз. Олай болса, қазақ жылқысының сан ғасырлық жүріп өткен жолына арналған энциклопедиялық кітап оқырмандарды қызықтырмай қоймайды.

Бұл – Ахмет Тоқтабайдың көп жылдар бойы арнайы зерттеген ғылыми еңбегінің нәтижесі.

Кітап көпшілік қауымға арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ