1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Достияр мекенінде туған. 1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1972 жылы Алматы Жоғары
партия мектебін тамамдаған.
1959–1961 жж. Оңтүстік Торғай кен зерттеу және барлау экспедициясында топографиялық отрядта аға құрылысшы.
Жангелдин аудандық байланыс торабында телефон монтері, аудандық қамсыздандыру бөлімінде инспектор.
1961–1965 жж. аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі.
1965–1970 жж. Жангелдин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
Торғай облыстық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет еткен.
1974–1988 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі, аға тілші, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі.
1990 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары.
1991 жылдан «Сұхбат» және «Партия» хабаршылары біріккен редакциясының Бас редакторы.
1992 жылдан «Сұхбат» экономикалық апталығының Бас редакторы.
1996 жылдан «Ана тілі» ұлт апталығында шолушы, бөлім редакторы, Бас редактордың орынбасары.
1998 жылдан «Ана тілі» ұлт газетінде Тіл және этнография бөлімінің редакторы.
1991–1992 жж. Қазақстан социалистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, басылымдардың Бас редакторы, «EURASIA» Республикалық газетінің Бас редакторы қызметін атқарған.
1966–1970 жж. Жангелдин аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, аудандық Кеңес депутаты, Қостанай облыстық Комсомол Комитетінің мүшесі болған. Қазақстан комсомолының ХІ және ХІІ съездеріне делегат болып қатысқан.
1964 жылдан КСРО, қазір Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен, 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған. 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің жүлдесін, 1989 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алған. 1993 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
«Тамаша өмір» (1986), «Шақшақ Жәнібек» (1997) атты деректі әңгімелер, «Нақпа-нақ» (2000) ой түйіндері, «Рухани өріс кернеуі» (2001) әдеби сынзерттеу және «О заманда бұ заман» атты публицистикалық кітаптары жарық көрген.