Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында (Забеловка селосы) туған.
Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді.
1968 ж. оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта ҚМУ Медиа-орталығының директоры. Доцент, филология ғылымдарының кандидаты А.Шаяхмет бірнеше монография мен оқу құралының авторы.
Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
А.Байтұрсынов атындағы медальмен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралар-дың жеңімпазы, тәуелсіздікке арналған республикалық жабық жыр мүшай-расының (2010 ж.) жүлдегері.
Көзімді ашып көргенім (ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуына орай ). Бибилиографиялық әдебиет көрсеткіші. - Қостанай. 2011.- 56б.