20 мамырда Қостанай облысының Обаған ауданындағы (қазіргі Қостанай ауданы) Сатай ауылында туған. Екі жылдан астам туған колхозында жұмыс істейді. 1943 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп ақындардың аудандық айтысына қатысады да, өнерімен көзге түседі.
1944 жылы Қостанайда ашылған облыстық филармонияға қызметке шақырылады. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және басқа медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Екінші тың ерлері. Очерктер. А., 1964; Қияннан қияға. Деректі повесть. А., 1969; Азамат. Повесть. А., 1980.
Аудармалары: А.Беляев. Ауа саудагері. Бас туралы хикая. Романдар. А., «Жазушы», 1974; И.Авижюс. Шайқалған шаңырақ. Роман. А., «Жазушы», 1977; А. Беляев. Әлем әміршісі. Ариэль. Романдар. А., «Жазушы», 1980; М.Михеев. Ақтаңдақтың құпиясы. Вирус В–13. Повестер. А., «Жазушы», 1982; А. Чаковский. Жеңіс. Роман. І–ІІ кітап. А., «Жазушы», 1983.