Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Торғай ауылында туған.
1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, республикалық «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақ кітап» бірлестігінің бас редакторы, Қа-зақстан кітап таратушылар ассоциациясының президенті қызметтерін атқарған. «Сақ» акционерлік қоғамының президенті.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясы-ның, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б. Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның «SPI» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясының алтын медалінің иегері.