Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Оспанов Серікбай

1945 жылы 1 сәуірде Торғай (Қазіргі Қостанай) облысындағы Жанкелдин ауданының «Шиелі» кеңшарында, «Балдай» қонысында туған. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1968–1978 жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған.
Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Алғашқы топтама өлеңі 1967 жылы «Жер жүрегі», 1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған тақпақтардың авторы.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың, А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысының бас жүлдегері. 2001 жылы облыс әкімінің сыйлығын иеленген. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. 200-ден аса ән мәтіндерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Шығармалары: Жүрек лүпілі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жарқын жастық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Қайнар бұлақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Қоңырау гүл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Айгүл. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Алтын арқау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Батыр туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Тіршілік тамыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Назқоңыр. А., «Жалын», 1987; Балдай таудың баурайында. А., «Жалын», 1990; Шашу. А., «Жалын», 1992; Бесік. А., «Өнер», 1992; Қадір түні. А., «Жалын», 1995; С.Мәуленов – журналист, публицист. А., «Ғылым», 2001; Публицистика. А., «Сага», 2001; Ахмет өскен ақындық орта. А., 2004; Қараторғай. А., «Жазушы», 2004; Алтынсариннің айналасындағы адамдар. 2006; Ең жақын кім адамға?. А., «Балалар әдебиеті», 2007; Сағындым Алматымды. Қостанай. «Шапақ», 2009.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ