1932 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Урицкий ауданындағы «Маяк» кеңшарында туған. 1947 жылы туған ауылындағы жетіжылдық мектепті бітіріп, Гурьев (Атырау) педучилищесін 1950 жылы тамамдаған.
Мұнайлы жетіжылдық мектебінде бір жыл мұғалім болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М.Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).Топтама өлеңдері украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Кім табады? Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Достар хаты. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Шұғыла. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Көңіл көктемі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Тың түлегі. Өлеңдер. Поэма. А., «Жалын», 1977; Қырандар ұясы. Өлеңдер. Поэмалар. А., «Жалын», 1979; Жауқазын шақ. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дала демі. Очерктер. А., «Қайнар», 1981; Тың тынысы. Таңдамалы өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1982; Таңдау. Повестер. А., «Жалын», 1984.