21 наурызда Торғай облысының (қазіргі Қостанай) Аманкелді ауданына қарасты Қаралық ауылында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1972 жылы бітірген.
Алғашқы әңгімелері мен повестер жинағы 1982 жылы «Ең бақытты күн» деген атпен жарық көрді. Одан соң «Жаңа жылға қараған түн», «Өмір», «Он бес пен он алтының арасында», «Таңертеңнен кешке дейін», «Жарық күн» повестер жинағы оқырмандар қолына тиді. «Алтын арна», «Әкеден қалған аманат», «Саусақтан төгілген сәуле» атты деректі хикаялар жинақтары бар.
Кабардин жазушысы Ә. Кешоковтың «Сынған таға» эпопеясының алғашқы кітабын, поляк, украин және басқа халықтар қаламгерлерінің әңгімелерін қазақшаға аударды. А.Байтұрсынұлы өмірінен «Сен ертең атыласың!» атты пьеса жазды. «Мейлі, өзендер шулай берсін», «Соңғы аялдама», «Деректірдің шопыры», «Адамның кейбір кездері», т.б. драмалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ «Сәукеле киген сайқал», «Сандық» хикаяттары республикалық әдеби журналдарда жарияланды, жекелеген әңгімелері өзбек, қарақалпақ, орыс тілдеріне аударылды.
Радиожурналист ретінде жүздеген хабарлары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы.