1953 жылы 7 қазанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының орталығы Аманкелді селосында туған. 1970 жылы орта мектепті аяқтаған.
Аманкелді ауданындағы «Қарасу» совхозында еңбек жолын бастаған. 1983 жылы жас ақын-жазушылар мен өнер иелерінің республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанып, 2003 жылы Қостанай облысы әкімінің сыйлығын алған. 2006 жылы Қостанай облысы меценаттары клубының тәуелсіз «Қазына» сыйлығын алған, 2006 жылғы республикалық «Елім менің» фестивальінің лауреаты.
Ақынның өлеңдері мен поэмалары 1973 жылдан бастап аудандық, облыстық және республикалық баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. «Торғай топырағы» (1991), «Ақжол» (1992), «Ахаң-Жахаң ізімен» (1993), «Алашорда арманы» (1995), «Таразы» (2003), «Наркескен» (2006) атты жыр жинақтары жарық көрген.