1949 жылы 15 наурызда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында туған. 1970 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Жангелдин аудандық газетінде әдеби қызметкер. Өлеңді мектеп қабырғасында жазған. Аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз болған. 1972 жылы Шымкент қаласында өткізілген тұңғыш жас ақындар фестиваліне қатысқан.
Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным – қара шаңырағым» атты тұңғыш республикалық радио фестивалінің бас жүлдегері. Әр жылдары жарық көрген «Сөйле, жүрек», «Айналайын адамдар», «Ақбұлақ», «Жанымның жасыл жапырақтары», «Бейсенбай биік бәйтерек», «Қанат және Қаламқас», «Күлкім келеді», «Қазыналы Қайнекей» кітаптарының авторы. Филология ғылымдарының кандидаты.
«Кеңес одағы теледидары мен радиосы қызметінің үздігі» белгісімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Қостанай облыстық меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының екі мәрте иегері.