1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат кентінде туған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1971 жылдан бастап Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында еңбек етті.«Жүрек лүпілі» (1998), «Еменнің айыр бұтағы» (2001), «Мөп-мөлдір дүние» (2003), «Ілияс Омаров» (2003), «Еркімбайдың Сұлтаны» (2009), «Терең тамыр» (2009) сияқты кітаптары жарық көрген. «Әскери ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Құрметті журналисі (2008), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2005), Қостанай облысы әкімі сыйлығының, «Қазақ тілі» қоғамының «Ұлт жанды азамат» сыйлығының иегері.