Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Құрманғали Қуанышбай

1942 жылы 1 маусымда Қостанай облысының Әулиекөл (бұрынғы Семиозерное) ауылында туған. Орта мектепті Қоржынкөл ауылында 1959 жылы бітіріп, Қарғалы кооперативтік техникумында оқып, 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

1976 жылы қазіргі «Жас Алашта» корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі.
1976–1978 және 1989–1992 жж. «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисі») журналында аға әдеби қызметкер, жауапты хатшы және бас редактордың орынбасары.
1978–1986 және 1990–1994 жж. «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болған.
1986–1988 жж. Қазақ энциклопедиясының бас редакциясында бөлім меңгерушісі.
1995–1996 жж. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас маман және «Ел» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының вице президенті – Республикалық баспа кабинетінің директоры.
«Ғылым» ғылыми баспа орталығының бас директоры болды.

Тұңғыш өлеңдерінің тұсауы «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш») 1960 жылы кесілді. «Арман аралы» («Жалын», 1981), «Қош, қалқатай» («Жалын», 1990), «Қоңыр күз күмбірі» («Санат», 2002) өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Б.Шубиннің «Доктор Чехов» («Жалын», 1979), В.Севостьянов, Г.Анисилковтің «Жұмыр жердің перзенті» («Өнер», 1981), И.Стрелкованың «Шоқан» («Жалын», 1986), Ю.Балтушистің «Өмір өткелдері» романын («Жазушы», 1986) «Орыс халық ертегілері» («Жалын», 1990), Х.К.Андерсонның «Таңдамалы ертегілер» («Жалын», 1984) кітаптарын тәржімалаған.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ