Қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. 1923 жылы Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтында дайындық бөліміне қабылданды. 1931 жылы ҚазПИ-дің әдебиет факультетін бітіріп шығады.
1931–1937 жж. музыка мектебінің меңгерушісі.
1938 жылы Қазақ академиялық драма театрының директоры болған.
1931 жылы Т.Жароковпен бірігіп «Қанды таяқ» пьесасын жазды. 1932 жылы «Қуат» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
«Ер Тарғын» операсының либреттосының авторы. Музыкасын Е.Брусиловский жазған. Бұл опера Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасынан күні бүгінге дейін түспей келеді.